English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

ЕҰУ-дің шығыстанушылары Фараби форумында PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
23.05.2017 10:58

 

2017 ж. 4 сəуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  ІҮ Халықаралық Фараби оқулары аясында «əл-Фараби жəне қазіргі заман» атты Халықаралық Фараби форумының ашылуы болды. Ол 2017 ж. 4 жəне 21сəуір аралығында өтті.

Біздің университет осы жылы бірауыздан шығыстану кафедрасының профессоры С.А.Тулеубаеваны ұсынды. Самал Абайқызы Тулеубаева «Өркениеттің қазіргі заманғы диалогі жəне əл-Фараби феномені: дəстүр жалғастығы» деген тақырыпта баяндама жасады.

Осы жылғы форумда жазушы О.Сүлейменов, ҚР БҒМ ҒК Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ə.Дербісəлі сынды Қазақстанның белгілі қайраткерлері қатысып, баяндама жасады. Шетелдік қонақтар арасында Дағыстан, Əзербайжан, Түркия, Египет, АҚШ жəне Нидерланд мемлекеттерінің, «Нұр-Мүбарак»  Ислам университетінің ғылыми жəне академиялық топтарының өкілдері болды.

Форум жұмысы ғылым мен білімнің əртүрлі салалары бойынша 6 секцияның аясында өтті.

Жаңартылған 07.06.2017 14:13