English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

«Ғылым және білім-2017» атты конференциясының Шығыстану секциясы PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
23.05.2017 10:43

 

2017 жылы 14 сəуірде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де  «Ғылым және білім-2017» атты студенттер мен жас ғалымдардың  ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. 12 сəуір  Қазақстандағы  ғылым күнін атап өту мақсатында ұйымдастыратын бұл конференция жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналды.

 

 

 

Конференция жұмысы бірнеше секция бойынша өтті. Шығыстануға қатысты мəселелер «Халықаралық қатынастар» секциясының ішіндегі «Шығыстану» секциясында талқыланды. Комиссия құрамына  Шығыстану кафедрасының меңгерушісі м.а., ф.ғ.к. А.Əлібекұлы (төраға),  т.ғ.д. Т.З.Кайыркен, ф.ғ.д., профессор С.А.Тулеубаева, аға оқытушы Г.К.Утеулиева кірді.  Конференцияның «Шығыстану» секциясына баяндама жасауға 31 өтініш (4 жас ғалым, 20 студент жəне шығыстану кафедрасының 5 магистранты, сонымен қатар Таяу Шығыс студенттерінің 2 өкілінен) түсті. Конференцияда 18 баяндама жасалынды. Баяндама тақырыптары шығыстану жəне Шығыс елдеріне қатысты мәселелер мен оның əртүрлі аспектілерін қамтыды. Оқытылатын мамандықтарға (Араб елдері, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай) қатысты маңызды мəселелер талқыланды. Қатынасушылар көрнекті презентациямен баяндама жасады және сұрақтарға нақты жауап берді. Әділқазылар алқасы баяндамашылардың дайындықтарының жоғары екенін ерекше атап өтті. Секция жұмысының нәтижесі бойынша 1-орынды жапон бөлімінің 3 курс студенті Алина Бекшебаева (Ш-32 тобы), 2-орынды жапон бөлімінің 4 курс студенті Евгения Риб (Ш-32) және  араб тобының 4 курс студенті Гулнара Макамбетова (Ш-32), 3-орынды корей бөлімінің 4 курс студенті Динара Тәжібай (Ш-41) мен жапон бөлімінің 4 курс студенті Гулшат Тұрысжан (Ш-42) иеленді. Қытай бөлімінің 1 курс магистранты Сайранның да баяндамасы үздік деп танылды.

 

 

Осы жылы Шығыстану кафедрасының ғылыми жетістігі ретінде пленарлық мәжілісте Корей Республикасынан шақыртылған профессор, PhD докторы Ан Сан Хун құрмет грамотасымен және 2016 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық конкурстың жүлдегері атанған 6М090200 – «Шығыстану» мамандығы бойынша араб бөлімінің 1 курс магистранты О.Серік марапатталды. О.Серікке диплом мен ақшалай сыйлықты Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Оқу ісі бойынша проректор А.А.Молдажанова тапсырды.

Жаңартылған 29.05.2017 12:35