English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

Түркітану кафедрасының 2 курс студенттері ІХ республикалық студенттік пәнаралық олимпиадасына қатысып қайтты PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
25.04.2017 15:04

 

29-31 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ІХ республикалық студенттік пәнаралық олимпиада өтті. Олимпиаданың ашылу салтанаты барысында Б.Н.Джубатовтың, шығыстану факультеті деканының және кафедра меңгерушілері мен арнайы шақырылған халықаралық ұйымдар өкілдерінің сөздері тыңдалды.

Олимпиадаға Еуразия Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультеті түркітану кафедрасының 2 курс студенттері Болдрикова Айгерім, Зейн Зейнара, Сейтказина Камила қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. І кезең тест, ал ІІ кезең жоба қорғау түрінде өтті. Олимпиадаға жалпы 12 студент қатысуға тілек білдірді. Алғаш кезеңнен сүрінбей, жоба қорғауға тек 6 студент жолдама алды.

 

 

2 кезең аяқталған соң, ІХ республикалық студенттік пәнаралық олимпиаданың түркітану секциясы әділ қазылар алқасының шешімі бойынша орындар тағайындалды. ЕҰУ студенттері Зейн Зейнара 2 орынды және Сейтказина Камила 3 орынды иеленді.

3 күн бойы олимпиадаға қатысушы студенттерге мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды - қала бойынша экскурсия жүргізіліп, М.Әуезов атындағы драма театрында Абай туралы спектакль тамашаланды

 

Жаңартылған 09.05.2017 10:28