Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Факультет международных отношений


3 курс студенті «Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадан жүлделі орынға ие болды

 

Еліміздегі «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 25-27 наурыз күндері  еліміздегі жоғарғы оқу орындары арасында «Шығыстану» - 050209; 5В020900 мамандығы бойынша  Республикалық олимпиада өткізілді. Биылғы олимпиада елдегі төтенше жағдайға байланысты онлайн режимде өтті.

Шығыстану кафедрасының студенттері қытай, корей, жапон тілдері бойынша олимпиадаға қатысты.

3 курс студенті Алиханова Арайлым корей тілінде баяндама қорғап, 3-орынға ие болды.