Бірлігіміз жарасқан

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, университетіміздің қабырғасында іс-шаралар апталығы өтуде. Сол іс-шаралардың жалғасы –  29 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен – «Н.Назарбаевтың қоғамдық сананы модернизациялау контексіндегі жалпыұлттық келісім мен бірлігінің қазақстандық үлгісі» атты ұжымдық монографияны оқу-білім беру процесіне енгізу және оны одан әрі ғылыми жобалау бойынша  тақырыптық онлайн-коучинг болды.

Шараның модераторы – Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралар қауымдастығының төрайымы, саяси ғылымдарының докторы – Н.П. Калашникова болды.

Коучингке өңірлердегі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының оқытушы-профессорлық құрамы мен меңгерушілері қатысты.

Аталмыш шараның мақсат-міндеттері қатарында:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін зерттеуге және ілгерілетуге ғылыми қауымдастықтарды тарту;

- қоғамдық келісім мен қазақстандық бірегейлілікті нығайту мақсатында оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әзірлемелерді жариялауға ықпал ету болды.

Негізгі баяндаманы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Маслов Халил Борисұлы жасады. Ол ұжымдық монографияның негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, басылымның этносаралық қатынастардың теориялық және әдіснамалық негіздерін, оның ішінде шетелдік тәжірибелерді, сондай-ақ, ұлттық сананы жаңғырту призмасы арқылы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық бірегей моделінің қалыптасуы мен дамуын атап өтті. Монографияда көпэтносты мемлекеттерде болып жатқан заманауи үдерістер туралы авторлардың ғылыми дәйектелген көзқарастары берілген және Қазақстан мысалында көпұлтты қоғамның қалыптасу эволюциясы, мемлекеттік этносаясаттың ерекшеліктері көрініс тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының шоғырландырушы және интеллектуалды әлеуетті жинақтап, іс жүзінде қоғамдық дипломатия институтына айналған 25 жылдық даму кезеңіндегі рөлі көрсетілген.

Баяндамашы аталмыш еңбекті ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, студенттерге, мемлекеттік қызметшілерге және этномәдени бірлестік өкілдеріне, этносаралық қатынастар саласын зерттеушілерге арналғандығын айтып өтті.

Шараның екінші бөлімі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Қауымдастығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» – үздік бейнероликкке жариялаған байқауына арналды. Байқауға өңірлердегі ҚХА кафедраларынан 14 бейне ролик жолданған болатын.

Жолданған барлық бейнероликтер тақырыптаң аясында, мазмұнды, жоғары сапалы көркемдігімен ерекшеленді. Қазылар алқасының шешімімен:

3-ші орынды – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіның ҚХА кафедрасы иемденді;

2-ші орынды – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ҚХА кафедрасы иемденді;

1-ші орынды – Қарағанды индустриялық университетінің ҚХА кафедрасының ұжымы иемденді.