Шығыстанукафедрасының студенттері XII Республикалық пәндік олимпиадан жүлделі орынға ие болды

Еліміздегі «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 25-27 наурыз күндері  еліміздегі жоғарғы оқу орындары арасында «Шығыстану» - 050209; 5В020900 мамандығы бойынша  Республикалық олимпиада өткізілді. Биылғы олимпиада елдегі төтенше жағдайға байланысты онлайн режимде өтті.

Шығыстану кафедрасының студенттері қытай, корей, жапон тілдері бойынша олимпиадаға қатысты.

3 курс студенті Алиханова Арайлым корей тілінде баяндама қорғап, 3-орынға ие болды.

3курс студенті Уразгалиева Мадина, 4 курс студенті Сәрсенғалиева Амангүл, 2 курс студенті Нурмагамбетова Бибижан араб тілінде баяндама қорғап, әрқайсысы 3-орынды иеленді.