Новый год по лунному календарю, мероприятие клуба любителей китайского языка

 "Қытайтанушылар" клубы аясында, Конфуций институты оқытушылары ақпан күні қытайдың “жаңа жыл мерекесіне” орай, шығыстану мамандығының қытай тілі тобында оқитын студенттеріне арнап іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш шараға қонақ ретінде қытай филологиясы кафедрасынан т.ғ.к.доцент Ахметбек Г., шығыстану кафедрасының оқытушылары Нұриддинова А., Дүйсенқожа Е. және клуб жетекшісі Толқынхан А., сонымен қатар 1-4 курс студенттері қатысты. 

 

 

Конфуций институты оқытушылары қытайда "Чжунцже" мерекесінің қалай тойланатындығын, қытайдың оңтүстігі мен солтүстігінде тойлану ерекшеліктерін ашып айтып, сурет және бейнежазбалармен көрсетті. Студенттер шараға белсене араласып, сұрақтарына толық жауап алды. Бұл мерекеге қатысты 春节、除夕、红包т.б. сөздермен танысып, қолданысын меңгеріп үлгерді. Шара 2 сағатқа жалғасып, оқытушылардың бастамасымен студенттер қытай каллиграфиясының қыр-сырымен танысып, қолдарына қыл қалам алып жазып үйренді.

 

 

Әрі өз қолдарымен қағаздан өрнектер қиып, жаңа жыл әнін де айтып үйренді. Шара соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, осындай бас қосуларды асыға күтетіндіктерін жеткізді.