Мерейтой иесін құттықтаймыз!!!

Үстіміздегі жылдың жетінші қыркүйегінде халықаралық қатынастар кафедрасының мақтанышы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Какенова Гүлнар Мажитқызы алпыс жасқа толды. Мерейтой иесін атаулы мерекемен факультет ұжымы шын жүректен құттықтап мерекелік дастархан жайды. Еліміздің жоғары білім саласы мен университетіміздің дамуына, жас мамандарды даярлауға қосқан теңдессіз үлесі үшін университет ректоры Ерлан Батташұлы алғыс хат жолдап, Гүлнар Мажитқызын Л.Н.Гумилев атындағы орденмен марапаттады.

Гүлнар Мажитқызы 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі альФараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) ағылшын тілін тереңдетіп оқуға негізделген тарих мамандығын тәмамдаған. Оқуын тәмамдаған жылдан бастап Ақмола агротехникалық институты, саяси тарих кафедрасында жұмыс атқарды. 1996 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нде жұмыс жасайды. 2007 жылғы  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік гранттың иегері. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Эксперттік кеңесінің мүшесі.

Мерейтой иесін айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтап, ұзақ ғұмыр, жемісті қызмет тілейміз!!!