Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс магистраннтары КОНКОРД халықаралық академиясында (Франция) ғылыми тағылымдамадан өтті

Ағымдағы жылдың 8ші қазанынан 18ші қазанына дейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс магистраннтары КОНКОРД халықаралық академиясында («L'Académie internationale CONCORDE»), Парижде (Франция) ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдамадан өту бағдарламасы академияның іс-әрекеттерімен және оқу үдерісімен танысу, оқытушылармен кездесулер, кітапханадағы күнделікті жұмыс, Саяси ғылымдар университетінде (Science Po) дөңгелек үстелге қатысу, Әлеуметтік-саяси ғылымдар институтында ғылыми-семинарға қатысу, Халықаралық қатынастарды зерттеу орталығында ғылыми-зерттеу жұмысы, ЮНЕСКО қабырғасында өткен КОНКОРД халықаралық академиясының семинарына қатысу, сондай-ақ Париж қаласының мәдени орындарына баруды қамтыды.

Тағылымдамадан өту барысында маңызды оқиғалардың бірі Францияның саяси және дипломатиялық элитасын қалыптастыратын саяси ғылымдар университетінде (Science Po) өткен ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдер болды. Атап айтқанда, «Дональд Трамптың халықаралық саясаткерлердің мүдделерін қозғайтын G7-тің бөлігі ретінде сыртқы саясаттың әсер етуі» туралы Саяси ғылымдар университетінде (Science Po) болған дөңгелек үстел әлемдік саясаттың өзекті мәселелерін жаңадан қарастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қоса, «Соғыс пен XXI ғасырдағы қақтығыстар» тақырыбы бойынша CERI (Халықаралық қатынастарды зерттеу орталығы) өткен дебаттар еуропалық сарапшылардың қауіпсіздік қатерлерін талдау кезінде аймақтардағы ахуалды білу деңгейін көрсетті. Венгрия ғалымы А.Коппердің бастауымен өткен «Венгриядағы және ЕО-дағы көші-қон дағдарыс мәселелері» бойынша ғылыми семинар да өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.

Кезекті, негізгі оқиға ЮНЕСКО қабырғасында КОНКОРД халықаралық академиясының семинарында талқыланған халықаралық ұйымдар аясындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық мәселесі болды. Осы ғылыми семинар барысында жариялық дипломатияның рөлі, мемлекетаралық ынтымақтастықтағы ғылыми байланыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Тағылым барысында ЮНЕСКО-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымы), жалпы құндылықтарды құрметтеуге негізделген өркениеттер, мәдениеттер мен халықтар арасындағы үнқатысу жасау үшін жұмыс істейтін ұйымның кітапхана қорында жиналған бүкіл әлемнің ғылыми жарияланымдары менің ғылыми-зерттеу жұмысыма керек материалдарды табуға үлкен септігін тигізді.

Магистранттар тағылымдаманы табысты аяқтап,  сертификаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, тағылымдама соңында халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысқан магистранттар дипломдармен марапатталды. Магистранттардың ең үздік шығармалары ретінде - Абдезимова С., Маметай М., Тулеухан А. мақалалары Конкорд журналында жарық көрді. (https://cyberleninka.ru/article/n/osnovnye-mehanizmy-kulturnoy-diplomatii-ssha-v-kazahstane)