ЕҰУ Австрия мен Словакия елдерінің университеттерімен ғылыми және білім беру байланыстарын кеңейтуде

 Л.Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Айман Азмұханова Вена (Австрия) және Братислава (Словакия) қалаларында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.

Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Айман Азмұханова академиялық ұтқырлық бағдарламасы және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамының біліктілікті арттыру жоспарына сәйкес Вена университетінде және «ICEUR» ғылыми-талдау, «Alpha» білім беру орталықтарында(Вена қаласы, Австрия), сондай-ақ Словакияның ғылым Академиясында(Братислава қаласы) тағылымдамадан өтіп келді.

Біліктілікті көтеру барысында белгілі шетелдік ғалымдар «Халықаралық байланыс», «Мәдениетаралық өркениеттер диалогы», сондай-ақ «Тәжірибе және мүмкіндіктер: қақтығыстарды шешудегі ЕҚЫҰ(ОБСЕ) медиаторлығының рөлі» тақырыбында дәрістер оқып, тренингтер өткізді.
Венадағы ЕҚЫҰ Орталығында «ICEUR» құрылуының  10 жылдығына арналған арнайы конференция өтті.
Сапар барысында кафедра меңгерушісі Вена және Братислава қалаларының университеттері мен оқу орталықтарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Халықаралық қатынастар» мамандығының білім алушыларының ғылыми тағылымдамадан,  оқу тәжірибелерінен өтуі, қосдипломдық бағдарламалар бойынша келіссөздер жасалды.
ЕҰУ-нің Вена «ICEUR» ғылыми-талдау орталығымен, Словакияның Ғылым Академиясымен,  III Institut fuer intellektuelle Integration, Wienna, Austria халықаралық бағдарламалар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумы білім беру мекемелерінің басшылығына тапсырылып, келіссөздердің бастапқы кезеңі жасалынды.

Атап айтқанда, III Institut fuer intellektuelle Integration, Wienna, Austria, білім беру, ғылым және мәдениет бойынша халықаралық бағдарламалар директоры Univ.Prof. Dr.Dr. Irene Sibgatullina, III Institut fuer intellektuelle Integration, Wienna, Austria бас директоры Univ.a.Prof.Dr., CEO-III, Dipl.-Ing. Oskar Raif.Riabov институттың бағдарламалары және ERASMUS бойынша ЕҰУ-мен байланыстарды жетілдіру туралы ұсыныстар талқыланды.

«ICEUR» аналитикалық зерттеу орталығының ғылыми директоры, проф. Людмилла Лобова магистранттар мен докторанттарға арналған тренингтер өткізу туралы, оқытушы-профессорлар құрамымен бірлескен халықаралық конференциялар мен форумдарды ұйымдастырып, ол байланыстардың барлығын арнайы сертификациялау туралы ұсыныстарын білдірді және Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, байланысты күшейтуге үлкен негіз барын атап өтті.

Словакия Ұлттық ғылым академиясының директоры, проф. Питер Динус өзінің юрисдикциясындағы университеттермен бірігіп, үш жақты келісім бойынша бірлескен ғылыми журнал, оқулықтар мен монографиялар шығару туралы ұсыныс жасады.

Сондай-ақ, Австрия ғылым Академиясы ЕҰУ-дың тиісті ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнату туралы арнайы хат жолдады.

 Айман Азмұханованың айтуынша, мұндай халықаралық бастамалар Қазақстанның беделін арттыруда, имиджін көтеруде үлкен рөл атқарады.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі сондай-ақ, Қазақстандағы Австрия елшілігінде болып, білім және ғылымға тікелей жауапты елші Жаслан Жазинмен кездесті. Австриядағы қазақ диаспорасы, ол елдегі біздің отандық білім алушылардың жағдайы, Австрия-Қазақстан мәдени-оқу орталығының ашылуы туралы ұсыныстар жасады.  

ЕҰУ-мен тығыз ғылыми байланыстарды нығайту екі ел арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік береді.