«Қытайтану клубы»

«Қытайтану клубына » қабылдау кеші өтті 

2018 жылдың 24 қазанында «Қытайтану клубына» бірінші курс студенттерін қабылдау іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Ақжігіт Әлібекұлы, Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Есенгалиева Анна Михаиловна, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы, Конфуций институтының оқытушысы Фан Хуйчжы ханым және кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.

Іс-шара кафедраның оқытушысы, клуб жетекшісі Толқынхан Айеркенің жетекшілігімен, екінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен  өткізілді. Мерекелік кешті 4-курс студенті Араппаева Айжан мен 2-курс студенті Тлекқали Еркеғали жүргізді.

Аталған іс­шараны кафедра меңгерушісі Ақжігіт Әлібекұлы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы және Фан Хуэйчжы ханым тамаша құттықтау сөздерімен бастады. Сонымен қатар, қазіргі таңда ҚХР-да білім алып жатқан студенттердің бірінші курс білім алушыларына арнайы дайындаған құттықтау бейнеролигі ұсынылды.

2-курс студенттері «小苹果» әніне би билеп, ал 3-4 курс студенттері  қытай тілінде тамаша ән орындады. Сондай-ақ, 2017-2018 ҚХР-да білім алып қайтқан үшінші курс студенттері дайындаған бейнероликтерін көрсетіп, өз естеліктерімен бөлісті. Клуб жетекшісі Толқынханқызы Айерке баян аспабында қытай халықының халық күйі "喜洋洋"-ды орындады.

Бірінші  курс студенттері қытай тілінде  «月亮代表我的心» әнін орындап болған соң, «Қытайтану клубы» құрамына ресми түрде қабылданды. Түрлі ойындар ойнатылып, естелікке фотосуреттер түсірілді.