"Тәуелсіздік ­ мәңгілік құндылық" мерекелік іс-шарасы

  

2019 жылдың 11 желтоқсанында Халықаралық қатынастар шығыстану кафедрасының Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ­ тұғырым» атты ұйымдастырған мерекелік іс-шарасы өз деңгейінде атап өтілді. Шарасы факультет деканының орынбасары Мирас Махедунұлы, кафедра меңгерушісі Ақжігіт Әлібекұлы, оқытушылар З.Ильясова, Н.Аипов, А.Бейсен, Ж.Қайрат, топ кураторы Г.Құрманғали және бірінші курс студенттері қатысты.

 Шара барысында Ш­11 тобының студенттері «Қазақ халқының халық боп қазіргі күнге дейін тұрақтылығын сақтауы бұрынғы Кенесары , Абылайдың арқасы болса, ал елдің дәл бүгінгі еркіндікке қол жеткізуі Желтоқсан көтерілісіндегі аға-апаларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың ерен еңбегі мен батыл жүрегінің арқасында екені» дей келе, тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін, «Мағжан Жұмабаев артқан сенімді сол арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты 21­ғасыр жастары ақтайды» деп өз пікірлерін білдірді.

Мерекелік шара Мыңбай Ұлболсын менҚазкен Әлибидің тамаша күйі, ҚожайханАбзал,Қапаев Ілиясжәне Мусагалиева Сауленің «Көк тудың желбірегені» әнін орындауымен өз жалғасын тапты.

Қонақ ретінде келген ұстаздар ізгі тілектерін білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.Аталған іс­шараны кафедра меңгерушісі Ақжігіт Әлібекұлы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтау сөздерімен аяқтады.