«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты кураторлық сағат

 

2020 жылдың 29 қазанында Шығыстану кафедрасының 2 курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында онлайн-кураторлық сабақ өтті. Кураторлық сабаққа кафедра оқытушылары мен топ студенттері қатысты.

 

Кураторлық сағат барысында сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің бәсек,   еге қабілеттігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні жайлы айтылды.

Ш-21тобының студенті Әліби Қазкен Қазақстанда сыбайлас жемқорлық проблемасы әлі күнге дейін ең өзекті мәселелердің бірі болып келетіні, жемқорлық еліміздің экономикасына, мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, болашақтағы еліміздің дамуына үлкен қатер төндіретіні туралы айтты.

Мемлекет басшысының алға қойған сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және жою бойынша жұмысты күшейту, оған барлық қоғамды белсенді тарту керек міндетін орындау жемқорлық пен тамыр-таныстықтан еркін елдің болашағына немқұрайлы қарамайтын әр адамның мүддесіне жауап беретіні туралы жан-жақты талқыланды.

Назерке Есім халық ештеңеден қорықпаса, заң бойынша өмір сүре алмайды, сол жемқорлықты жою үшін Қытайдағы жазалау әдістерін енгізуді ұсынды.

Қоғамдағы жемқорлықты жою, оның алдын алу үшін не істеу керек және бұл мәселе бойынша басқа мемлекеттердің тәжірибелері қандай екені туралы студенттер де өз пікірлерін айтты. Сонымен қатар еліміздегі жемқорлықты болдырмау үшін  өздері ұсынған жолдарды көрсетті.

Бұл кездесу соңында жемқорлықтың алдын алу азаматтық қоғамда әр тұлғаның борышы екенін жақсы түсінді.