«Ұлы Дала өркениеті: өткені мен бүгіні»

2019 жылдың 11 желтоқсанында Халықаралық қатынастар факультеті шығыстану кафедрасының Шығыстану кафедрасының профессор м.а. тарих ғылымдарының кандидаты З.С. Ильясова  шығыстану мамандығының  студенттерімен Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай «Ұлы Дала өркениеті: өткені мен бүгіні» атты дөңгелек үстел өткізді.

Рухани жаңғыру – қазақ ұлтының салт-дәстүрін, өткеннен келе жатқан мұраларын пайдалана отырып өркениетті қоғам жасауға ұмтылған жоба. Яғни, тамырынан адаспай, дәстүрін қайта жаңғырта отырып өркениетті ұлт қалыптастыру.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Елбасы жеті негізгі құндылықты атап көрсетеді: «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан – алман мен қызғалдақты отаны»«Ұлы дала жеті қыры» мақаласы халықтың мәдени және рухани дамуына бағытталған. 

Сондықтан Студент жастар мақала мазмұнының маңыздылығын терең түсініп, қоғамға жеткізуі, айтылған идеяларды жүзеге асыруға қатысуы тиіс екенінатап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушы студент жастар рухани жаңғырудың барлық бағыттарына, «Заманауи Қазақстанды өз қолымен, күшімен және талантымен жасап отырған адамдардың нақты бейнесін қоғамға көрсетуге» қатысты өз ойларын ашық айта отырып, белсенді және қарқынды талқылады.