«АРАБ ЖӘНЕ ПАРСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫ (IX-XIII ғғ.)» атты ғылыми семинар

29 қазанда «Араб және парсы географиялық еңбектеріндегі Қазақстан аймағы (IX-XIII ғғ.)» атты ғылыми семинар өтті.

Семинарда шығыстану кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Ильясова Зибагүл Сулейменқызы Қазақстан аймағына қатысты құнды деректер туралы баяндады. Ол дереккөздердегі ортағасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың құрамы, мемлекеттік құрылымы мен әскери өнері, шаруашылығы, қалалары мен сауда жолдары, салт-дәстүрі мен наным-сенімдері туралы аса құнды материалдармен бөлісті. Араб және парсы жазба ескерткіштеріндегі Қазақстан мен оған шекаралас жерлердегі түркі тайпалары: кимек, қыпшақ, құман, оғыз, қарлұқ, жікіл, қырғыз, тоғызоғыз туралы және  құнды ақпараттар тыңдаушылар тарапынан өте қызығушылық туғызды. Семинар соңында оқытушылар өз пікірлерімен бөлісті.