«Араб тіліне қызығушылар клубы»

2018 жылдың 29 қыркүйегінде «Араб тілі» клубы аясында бірінші курс студенттерін қатарға қабылдау іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Жолдасбекова Ақбота Ниязқызы, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Ақжігіт Әлібекұлы, Шеттілдер кафедрасының меңгерушісі Есенгалиева Анна Михаиловна, доктор Ашраф Аттия және араб тілінің оқытушылары, магистранттары 2-4 курс студенттері қатысты.

 Іс-шара араб тілінің мұғалімі Гүлнар Қанатқызы жетекшілігімен және үшінші, екінші курс студенттері қолдауымен  өткізілді.

Аталған іс­шараны факультет деканы Ақбота Ниязқызы мен Ақжігіт Әлібекұлы тамаша құттықтау сөздері, ақыл- кеңестерімен бастап, бірінші курс білім алушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар 4-курс студенті Сүйкімбай Карина клубтың былтырғы жылы жасаған жұмыстары бойынша қысқша есеп берді.

Үшінші курс студенті Шади Арсен араб тілінде өлең оқып, 2-3 курс студенттері «Kun anta» өлеңін орындады. Сондай-ақ, талантты биші бүлдіршіндеріміз  Мысыр және Халидж елдерінің бірнеше билерін билеп, өз өнерлерін  ортаға салды.

Бірінші  курс студенттері өздерін таныстырып болған соң, оларды «Араб клубының» құрамына қабылдануымен доктор Ашраф Аттия құттықтап, сыйлықтар табыстауымен аяқталды. Естелікке фотосуреттер түсірілді.