English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

Аймақтану кафедрасының меңгерушісі А.Н. Оспанова 2017 жылдың 12 мамырында Орал қаласында өткен «ЕАЭО-дағы шекаралық ынтымақтастық: Батыс Қазақстан және Поволжье диалогын қарқындатудың қорлары» атты халықаралық конференциясына қатысты. PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
09.06.2017 08:32

Аймақтану кафедрасының меңгерушісі А.Н. Оспанова 2017 жылдың 12 мамырында Орал қаласында өткен  «ЕАЭО-дағы шекаралық ынтымақтастық: Батыс Қазақстан және Поволжье диалогын қарқындатудың қорлары» атты халықаралық конференциясына қатысты.

ЕАЭО шекарасы: әлеуеті, ресурстары және қорлары

Орал қаласында өткен «ЕАЭО-дағы шекаралық ынтымақтастық: Батыс Қазақстан және Поволжье диалогын қарқындатудың қорлары» халықаралық конференциясының қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін дамытудағы Ресей және Қазақстанның шекаралық облыстарының рөлі мен мүмкіндіктерін талқылады.

Шекаралық облыстар халқының әлеуметтік сауалнамаларының аралық деректері негізінде екі мемлекеттің академиялық және сараптамалық құрылымдарының өкілдері ҚР және РФ аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының ең өзекті мәселелерін талдады және оларды еңсеру мүмкіндігі туралы өз ойларымен бөлісті.

 

Шекаралық ынтымақтастық қазіргі халықаралық байланыстардың маңызды ерекшелігі болды. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ үлгісінде Ресей және Қазақстан шекара облыстарының рөлі мен мүмкіндіктері айтарлықтай артады, себебі дәл шекарада мемлекеттердің сыртқы саяси, экономикалық, гуманитарлық байланыстарымен қоса көптеген өмірлік мәнді маңызды мәселелері тікелей қиылысады.

«Еуразиялық идеялар шеберханасы» ғылыми зерттеулерді қолдайтын Қоры, «Еуразия-Поволжье» ақпараттық-талдау орталығы, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті тарих және халықаралық қатынастар институтының ТМД және Балтық маңы елдерін зерттеу ғылыми-білім орталығы, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті аймақтану кафедрасымен ұйымдастырылған конференцияның қатысушылары Ресей-қазақстандық шекарадағы еуразиялық интеграция дамуының қазіргі күйі мен келешегін зерттеді.

12 мамыр М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ базасында өткен шараға қазақстандық және ресейлік сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ғылыми қоғамдастық пен БАҚ өкілдері қатысты.

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Олег Юров отырысты аша атап өткендей, «қазірдің өзінде ҚР және РФ шекаралас аймақтарының сараптамалық қоғамдастықтары арасындағы реттелген жүйелі жұмыс шекаралық байланыстарды тереңдету жөніндегі нақты іс-шараларды біртіндеп құруға сенімділік береді».

Отырыс барысында мәселелердің кең ауқымы талқыланды: нақты салалардағы РФ мен ҚР аймақтарының бірлескен бағдарламалары мен жобаларын іске асырудан бастап - әлемдік координат жүйесінде еуразиялық интеграциялық жобаның рөлі мен орнын анықтайтын факторларға дейін.

Осылайша, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы ЕАЭО-ның күшті жақтарын сипаттай отырып, БҚМУ «Экономика және менеджмент» кафедрасының магистранты Суду Тулеугалиева: бүгінгі таңда ЕАЭО Еуропалық Одақтан кейінгі әлемдегі екінші ірі интеграциялық бірлестік болып саналуға негізді ұмтылатының атап өтті. Бірақ оның маңызды ерекшелігі қатысушы елдер бұрын бір мемлекет құрамында болды. Халықтың ділі, мемлекетаралық қатынасу тілінің болуы, тығыз кооперациялық байланыстардың сақталуы және ұлттық экономикалардың өзара байланысы ЕАЭО-ның ауқаттылығына сенуге негіз береді деп санайды сарапшы.

Сонымен қатар, БҚМУ әлеуметтік зерттеулер орталығының басшысы Павел Добряевтің пікірінше, жалпы алғанда ЕАЭО кеңістігінде және жеке алғанда Қазақстан-Ресей шекара аймағындағы интеграциялық үрдістердің барысына кедергі болатын бірқатар факторлар бар. Бұл белгілі экономикалық қиындықтар, экономикалық жаңғырту саясатын жүргізетін қатысушы елдердің жеткіліксіз келістілігі, ЕАЭО және оның мүмкіндіктері туралы қоғамның шектеулі хабардарлығы, сондай-ақ, екі ел халқының, әсіресе, жастар арасындағы гуманитарлық байланыстардың әлсіздігі.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аймақтану кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Оспанова Қазақстан-Ресей шекарасының мәселелері екі мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындары негізінде ғылыми зерттеулерінің басым бағыттары қатарына кіру керек екендігін айтты.

- Жоғарғы оқу орындар негізгі білім өндірушілері болып табылады және әр түрлі салаларда шекаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу керек. Шешуші сәт - теориялық базаны практикалық тұрғыға ауыстыру қажет, - деп санайды сарапшы.

Теория және практика үйлесімі тақырыбын дамытуда «Еуразиялық идеялар шеберханасы» Қорының Сараптамалық кеңесінің төрағасы Григорий Трофимчук (Мәскеу) бизнес өкілдерін сараптамалық пікірталастарға белсендірек тартуды ұсынды. Оның пікірінше, бұл ҚР және РФ шекарасында қолайлы іскерлік ахуалды құруға, экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға және, нәтижесінде, қоғамның әл-ауқаты деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Шекаралық ынтымақтастықтың құқықтық базасын және ЕАЭО-ның бірыңғай нормативтік базасын жетілдіру міндетінің өзектілігін БҚМУ доценті Әлия Ерниязова және саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев сөйлеген сөздерінде атап өтті.

Бұдан басқа, С.Сұлтанғалиев ЕАЭО қызметінің маңызды бөлігі практикалық және теориялық қадамдармен жүйелі бөлісіп отыру, халыққа жоба және оның мәні туралы ақпаратты жеткізу бойынша жұмыс болуы тиіс екенін атап өтті.

БҚМУ «ҚР тарихы» кафедасының оқытушысы Ғазиза Әбдірахманова мағлұмдалған «төрт бостандық» (тауарлар, қызметтер, капитал және еңбек ресурстарының қозғалысы) ЕАЭО жағдайында қалай жұмыс жасайтындығына тоқталып өтті. Осы саладағы бірқатар мәселелерді атай отырып, сарапшы «ЕАЭО-ның біріктіргіші болып табылатын шекаралас аймақтардан жағдайды өзгертуді бастау» қажеттілігі туралы пікірін білдірді.

Амангелді Базарбаев -  «Еуразиялық идеялар шеберханасы» Қорының Басқарма төрағасы (Саратов) Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық ынтымақтастық гуманитарлық аспектісінің дамуында бейкоммерциялық ұйымдардың рөлін атап өтті. Оның пікірінше, бұл тұрғыда «үшінші сектор» қызметінің келешек бағыттарының бірі - Қазақстан Республикасынан тыс жерде, сонымен қатар, РФ-ның шекаралас аймақтарында қазақ тілін және мәдениетін насихаттау болуы мүмкін.

Поволжья және Батыс Қазақстан мысалында шекаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктер әлеуеті мен проблемалық сұрақтарының мазмұнды талдауын «Еуразиялық идеялар шеберханасы» Қорының директоры (Саратов) Аркадий Балаян өз баяндамасында айтып өтті.

Кездесу барысында еуразиялық жобаның жетістігі, ең алдымен, Ресей және Қазақстанның саяси элиталарының бәтуаластығымен байланысты екендігі атап өтілді. Алайда, осы бәтуаластық екі елдің кең қоғамдық саласына көшуі тиіс екені анық. Бұл Қазақстан мен Ресей сарапшылар қоғамдастығы әріптестігінің ерекше міндеті  болып табылады.

Сондай-ақ, диалог мүмкіндігі Экспо -2017 және ӘЧ-2018 сәтті өткізу барысында Ресей мен Қазақстанның коғамдарына ғана емес, ЕАЭО-ның барлық мүше мемлекеттеріне көрсетілуі керек.

Ресей мен Қазақстан дамуының елеулі жобаларын жүзеге асыру және дайындау мәселесін шешуде аймактық бизнес және зияткерлік элиталардың ат салысуы маңызды аспект болып табылады.

Екіжақты әлеуметтік-экономикалық күн тәртібінде көзқарастары жаңа өсімді құра алатын, жаңа буын көшбасшыларының арасында құралатын ұзақ мерзімді міндеттер ЕАЭО-ның  жастар қорын жүйелі дайындау процесінде шешілуі тиіс. Мұндай жұмыстың сәтті мысалдарының бірі - Астана қаласында өтетін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Еуразиялық жастар мектебі.

Іс-шара әлеуметтік маңызды «Қазақстан мен Ресей шекаралас аумақтарының аймақаралық ықпалдастығы еуразиялық интеграция контексінде»  жобасын іске асыру аясында өтті (Саратов облысы, Самара облысы, Волгоград облысы және  ҚР-ның Батыс Қазақстан облысы мысалында).

Ресей Федерациясы Президентінің 05.04.2016  №68-РП  Жарлығына сәйкес және «Ұлттық қайырымдылық» қоры өткізген конкурс негізінде жобаны іске асыру барысында грант ретінде бөлінген мемлекеттік қолдау қаражаты пайдаланылады.

Жаңартылған 13.06.2017 12:25