English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

Пакистан елшісі резиденциясындағы достық кешкі ас PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
30.05.2017 10:42

 

2017 ж. 10 мамырда Шығыстану кафедрасының меңгерушісі А.Əлібекұлы мен кафедра профессоры С.А.Тулеубаева Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының төтенше  жəне өкілетті елшісі  Абдул Салик Ханның резиденциясында болды. Онда Қазақстан мен Пәкістанның  ғылыми жəне академиялық топ  өкілдерінің жəне Пәкістан елшілігінің қызметкерлерінің қатынасуымен достық кешкі ас ұйымдастырылды. Бұл кешке қазіргі уақытта Назарбаев университетінде жұмыс істейтін пәкістандық профессорлар да қатысты.

Елші бұл шараға жиналғандарға Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатын Пәкістанның дайындығы жайында хабарлады. Көрмеге келушілер Пәкістанға ұсынылған жеке павильонда осы елдің қайта жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы соңғы жетістіктерімен таныса алады.

 

 

Абдул Салик  Хан мырза – осы уақытқа дейін Египет, Сауд Арабиясы, Оман, Йемендегі Пәкістанның бас  консулдығы жəне елшіліктерінде жұмыс істеген кəсіби дипломат. Кездесу барысында ол  дипломатия саласындағы өзінің тəжірибесі туралы айтты, белсенді дамып отырған сауда-экономикалық, əскери, медицина, ғылым жəне білім  салаларындағы   Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы туралы өзінің көзқарасымен бөлісті.

Кеш барысында қонақтар ұлттық нақыш жəне əртүрлі дəмдеуіштерді қолдануымен ерекшеленетін пəкістандық тағамдардан дəм тату мүмкіндігіне ие болды.

Жаңартылған 07.06.2017 14:11