English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

«Korean club of ENU»-дағы кәріс тағамдары бойынша өткен мастер-класс PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
30.05.2017 10:33

 

2017 ж. 27 сәурде «Korean club of ENU»-да корей рестораны «Kakaodak» кәрістің ұлттық тағамдары - «пипимпаб» пен «кимпабты» дайындау бойынша мастер-класс өткізілді. Студенттерге «Kakaodak» ресторанының бас аспазынан аспаздық өнерден сабақ алуға, сонымен қатар бұл тағамдарды өздері дайындап көруге тамаша мүмкіндік туды.

 

 

Пибимпаб – кәріс тағамдарының ең атақты және ең сүйікті тағамдарының бірі. Ол күріштен, туралған көкөністерден, саңырауқұлақ және жұмыртқадан жасалады. Бұл тағамның атауы «пибим», яғни «көп нәрсенің қоспасы», «паб» - «күріш» деген сөздерден шыққан.

«Кимпаб» - бұл өзіндік татымды дәмімен ерекшеленетін корей тағамы (ролл). Бұл тағамның атауын ішіне қосылатын қоспаға байланысты алған, яғни «ким» - орамжапырақ, ал «паб» - күріш. Корей тағамы «кимпаб» классикалық жапон тағамына қарағанда оңай дайындалады. Кәріс тағамдарын дайындау барысында Халықаралық қатынастар факультетінің 1-4 курс студенттері тағам құрамына қатысты сұрақтарын қойды. Оларды «Kakaodak»  рестораны мастер-класс үшін тегін ұсынды. Клуб мүшелері бас аспаздың көмегімен кәріс тағамдарын жасады, кейін барлық қатынасушылар бірлесіп оның дәмін татып көрді, сонымен қатар «Kakaodak» рестораны ұсынған тағамдардан дәм татты.

Бұл мастер-класс көңілді, әрі еркін атмосферада өтті. Кәрістің ұлттық тағамдарын дайындау студенттерге ұмытылмайтын әсер қалдырды, бұл игі іс-шара оларға кәріс мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

 

Жаңартылған 13.06.2017 12:25