English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

ЕҰУ-дегі Шығыс көктемі PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
30.05.2017 10:08

 

2017 ж.2 мамырда Халықаралық қатынастар факультеті  Шығыстану кафедрасы Шығыста көктемнің келуін мерекелеуге арналған жыл сайын өтетін Шығыс көктемі атты имидждік іс-шара өткізді. Бұл концертке құрметті қонақ ретінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ректорының ғылым бойынша кеңесшісі, доктор Талал Аввад, мəдени істер бойынша Иран елшілігінің  кеңесшісі Масуд шейх Зейнеддин, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы А.Н.Жолдасбекова, Халықаралық қатынастар факультетінің кафедра меңгерушілері мен оқытушылар құрамы, қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі меңгерушілері мен оқушылары қатынасты. Доктор Талал Аввад өзінің құттықтау сөзінде Шығыс елдерінде көктемге құрмет көрсету дəстүр екендігін атап өтті.

 

 

Мерекелік концертте оқытылатын елдер тілдері – корей,жапон, қытай,араб жəне парсы тілдерінде əн, мюзикл айтылып, өлең оқылды жəне би биледі.

 

 

Осыған орай, осы оқу жылында Иран мамандығы бойынша шығыстанушыларды дайындау жəне парсы тілін оқытудың қайта жанданғандығын атап өту қажет. Парсы бөлімінің студенттері ерекше шабытпен Омар Хаямның рубаиларын түпнұсқада мәнерлеп оқыды. Олардың өнерлерін Масуд шейх Зейнуддин өте жоғары бағалады.

 

 

Əр бөлім оқытылатын елдің мəдениетін айқын көрсетуге тырысты жəне Шығыс халықтарының салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары көрсетілді. Аталған іс-шараның қонақтары бірнеше сағат Шығыс əлеміне енуге мүмкіндік алды.

Мерекелік концертті студенттер, магистранттар мен Шығыстану кафедрасының оқытушылары өз күштерімен дайындады.

 

Жаңартылған 13.06.2017 12:25