English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

Шығыстану кафедрасында ғылым декадасы PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
25.04.2017 14:40

 

2017 ж. 4 сәуір күні Ғылым күнінің он күндігі аясында Шығыстану кафедрасында «Ғылыми жұмыс жазу талабы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинарда кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент А.Әлібекұлы, т.ғ.к., профессор м.а. З.С.Ильясова және гуманитарлық ғылымдар магистранты, оқытушы О.Т.Бейсенбаев баяндама жасады және оған шығыстану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Аталған тақырып бойынша баяндамашылар қатынасушыларға зерттеу жұмысында терминологиялық негіздің болуы және материалды қолдану кезінде академиялық стилді сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерді қалай қолдану және библиографияны қалай жасау керектігін түсіндірілді. З.С.Ильясова студенттер ғылыми жұмыс жазу барысында жиі жіберетін қателерді мысалдар келтіре отырып көрсетті. А.Әлібекұлы студенттермен ғылыми жұмыстағы жетекшілік бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар интерактивті формада өтті. Білім алушылар семинарда айтылған нәрселерді зерделеуге, ұсынылған талаптарға сай келмейтін тұстарды анықтауға мүмкіндік алды. Бұл шараның мақсаты студенттердің ғылыми жұмыс жазу барысында кездесетін қиындықтарды шешуге көмектесу болып табылады.

Жаңартылған 29.05.2017 11:31