English (United Kingdom)KazakhRussian (CIS)

Іздеу

Авторландыру



Тэги

Халықаралық қатынастар факультетінде «Ашық есік күні» PDF Басып шығару E-mail
Авторлар: Administrator   
25.04.2017 14:33

 

2017 ж. 4 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында Халықаралық қатынастар факултьтетінің «Ашық есік күні» өтті. Бұл шараға Астана қаласындағы мектеп басшылары, мұғалімдер мен болашақ талапкерлер шақырылды.

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ақбота Ниязқызы Жолдасбекова құттықтау сөз сөйлеп, аталған шараға қатынасушыларға алғыс айтып, Халықаралық қатынастар факультетінде оқудың артықшылығына арнайы тоқталып өтті. Осыдан кейін Шығыстану кафедрасының аға оқытушысы Б.Ж.Мустафаев ҚР Жоғары оқу орындарына түсудің жалпы шарттарын түсіндірді. Әсіресе, Халықаралық қатынастар факультетіне қатысты талаптарға ерекше тоқталып өтті.

 

 

Бұл кездесу интерактивті түрде өтті. Болашақ талапкерлер өздерін қызықтырып жүрген мәселелер бойынша: алда болатын емтихан, оның ішінде қосымша пәндер, шартты түрде қабылдау, ЕҰУ-ге түсу үшін қанша балл жинау керектігі, бөлінетін грант туралы және осы сияқты басқа да сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, оқушылар алдында Халықаралық қатынастар факультетіне арнайы шақыртумен келген шетелдік профессорлар сөз сөйледі. Осыдан кейін қонақтар әрбір мамандық туралы жан-жақты мәлімет алу үшін кафедраларды аралады.

Жаңартылған 29.05.2017 11:31